«Астананың» техникалық директоры қызметіне қазақстандық маман Самат Смақов тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Самат Смақов аяқдопшы ретінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, танымалдыққа ие болды, кейін «Ақтөбе» футбол клубында Бас директор қызметін атқарып, «Елімай» командасын бас бапкері ретінде Премьер-лигаға шығарды.«Клуб басшылығы Самат Қабирұлының футбол саласындағы кәсіби мол тәжірибесінің арқасында, алдағы уақытта «Астана» футбол клубының техникалық бағыттағы жұмыстары тек оң шешімін тауып, дами түседі деп сенім білдіреді», - делінген хабарламада.Техникалық директордың міндеттеріне спорт бөлімінің қызметін техникалық тұрғыда қамтамасыз ету, оның ішінде футбол академиясының құрылысы мен табысты жұмыс істеуі жатады.