Бүгін гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Ираннан басым түсті, деп хабарлайды Kazınform.

Қазақстандық гандболшы қыздар жарыстың алғашқы сатысында G тобында сынға түсіп, Испаниядан 17:34, Бразилиядан 16:46, Украинадан 24:37 есебімен жеңіліп қалды.

Әлем чемпионатының алғашқы сатысында әрбір топта төртінші орынды місе тұтқан құрамалар Президент кубогында екі топқа бөлінді.

Екінші топта бақ сынаған қазақстандық гандболшылар алғашқы екі ойында Конго Республикасына 36:37, есебімен есе жіберді.