12 желтоқсанда Джидда қаласында (Сауд Арабиясы) футболдан 2023 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биылғы жылдың әлемдегі ең үздік команда атағы үшін қауымдастықтардың негізгі клуб турнирлерінде суырылып, үздік атанған 7 ұжым өзара таласады, деп хабарлайды FIFA-ның баспасөз қызметі.
"Әл – Иттихад" (Сауд Арабиясы)- ел чемпионы, КӘЧ-2023 қожайыны."Манчестер Сити" (Англия) – УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы."Флуминенсе" (Бразилия) – Либертадорес кубогының жеңімпазы."Урава Ред Даймондс" (Жапония) – Азия Чемпиондар лигасының жеңімпазы."Леон" (Мексика) – КОНКАКАФ Чемпиондар лигасының жеңімпазы.6. "Әл-Ахли" (Мысыр) - Африка Чемпиондар лигасының жеңімпазы.Окленд Сити (Жаңа Зеландия) – Океания аймағының Чемпиондар лигасының жеңімпазы.

Клубтар арасындағы турнирдің ашылу матчы 13 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де болады. "Әл-Иттихад" пен "Окленд Сити" өзара бақ сынасып, ойын өрнегін көрсетеді.

Матч № 3, 15 желтоқсан: (20:30). "Леон" - "Урава Ред Даймондс".