Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Анна Данилина Анжер (Франция) челленджер турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ресейлік Александра Пановамен бірге шешуші бәсекеде жарыстың 1-ракеткалары, испаниялық Кристина Буча - румыниялық Моника Никулескумен бас жүлдені сарапқа салды.

Матч испаниялық-румыниялық дуэттің басымдылығымен өтті.

Есеп 6:1, 6:3.