11 желтоқсанда гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының жеңілгендер кезеңі аясында Иранмен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің басталуы Астана уақытымен 20:30-ға жоспарланған.

25-32 орындар үшін Иран - Қазақстан матчының тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Жарысқа жалпы 32 команда қатысып жатыр. Қазіргі әлем чемпионы 2021 жылғы турнирде жеңіске жеткен Норвегияның әйелдер құрамасы. Сол кезде турнирдің финалында норвегиялықтар Франция құрамасын жеңген болатын.