Дүйсенбі, 11 желтоқсанда Қазақстан құрамасы 2023 жылғы жастар арасындағы хоккейден әлем чемпионатында екінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

А тобында Қазақстан Дания құрамасымен кездеседі.

Қазақстан мен Венгрия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады. Матчты «insporttv.kz» арнасынан көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Сергей Старыгин шәкірттері бірінші кездесуде Венгрияны 5:2 есебімен жеңген болатын.

Турнир 10-16 желтоқсан аралығында Будапештте өтіп жатыр. Қазақстан Австрия, Венгрия, Франция, Жапония және Дания командаларымен әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдаманы сарапқа салады.