Боксшы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Бекзат Сұлтан Алматыда өткен бокс кешінде спортшының алдағы жоспарлары жайлы батыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

10 желтоқсан Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті. Кардтың басты жекпе-жегінде Жанқош Тұраров пен жапон елінің спортшысы Акихиро Кондо жартылай орта салмақтағы екі белбеуді сарапқа салды. Бокс кешінде Дулат Тәстекей көпшілік алдында боксшы Жәнібек Әлімханұлына автокөлік сыйлаған еді. Алайда Жәнібек өзіне тарту етілген көлікті ағасы әрі менеджері Берік Сұлтанға сыйлады.