Хоккейден Қазақстан құрамасы бірінші дивизиондағы жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлестеріміз алғашқы ойында Венгрияны 5:2 есебімен жеңді. Жеңімпаз команда сапында Всеволод Логвин (дубль), Артем Авдеенко, Давлат Нұркенов және Егор Смолянинов шайба соқты.

Ертең Қазақстан құрамасы Даниямен кездеседі.

Айта кетейік, 10-16 желтоқсан аралығында Будапештте жастар арасындағы әлем чемпионаты (IA дивизионы) өтеді, онда Қазақстан жастар құрамасы Аустрия, Венгрия, Франция, Жапония және Даниямен бір топта өнер көрсетеді.

Венгрия (U20) - Қазақстан (U20) 2:5 (1:2, 1:0, 0:3)

0:1 - Нуркенов (Оразов, Ким) - 03:36

0:2 - Смолянинов (Ермак, Оспанов) - 12:14 ГБ

1:2 - Михалик (Добос) - 13:26

2:2 - Добос (Хорват) - 38:16

2:3 - Авдеенко (Нуркенов) - 48:47

2:4 - Логвин (Оспанов) - 52:40

2:5 - Логвин - 57:13 ГМ

Қақпашылар: Хегедус - Никитин