Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде Тұраров жапониялық боксшы Акихиро Кондомен қолғап түйістірді. Бірірнші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он екі раундқа созылып, Тұраров төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Тұраров бұл жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғап, вакантты WBA Gold титулын жеңіп алды.

Айта кетейік, ол кәсіпқой мансабындағы 28-жеңісіне қол жеткізді.