Алматыда өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Елшат Нығметолла (17-0-1, 5 КО) өнер көрсетті, деп хабарлайды Рropsports.kz.

Нығметолланың қарсыласы үнді боксшысы Сандип Кумар (12-3-1, 8 КО) болды. Бұл жекпе-жек екінші жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және алты раундқа жоспарланған болатын.

Екінші раундта Елшат техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Елшат Нығметолла кәсіпқой мансабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізді.