Жексенбі, 10 желтоқсанда Қазақстан құрамасы хоккейден жастар арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатында алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

А тобында Қазақстан Венгрия құрамасымен кездеседі.

Қазақстан – Венгрия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 21:00-де басталып, оны «insporttv.kz» арнасынан көруге болады.

Турнир 10-16 желтоқсан аралығында Будапештте өтеді. Сергей Старыгин шәкірттері Австрия, Венгрия, Франция, Жапония және Дания командаларымен әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама сарапқа салады.