Бірінші дивизион өкілі «Арыс» Премьер-лигаға қайта оралған түркістандық «Тұран» құрамына енуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

2020 жылы «Арыс» Бірінші лиганың 1-конференциясында екінші орын алып, ҚПЛ-ға жолдама алды, бірақ жоғарғы лигадағы дебюттік маусымға дейін клуб «Тұран» болып өзгертілді.

2022 жылы Екінші лигада өнер көрсететін жаңа «Арыс» құрылды. Өткен маусымда команда Бірінші дивизионда өнер көрсетті.

Қазіргі уақытта «Арыс» ФК-ның «Тұран» құрамына кіру мәселесі қарастырылуда.