Жексенбі, 10 желтоқсанда Алматыда қазақ боксшысы Жанқош Тұраров (27-0, 20 КО) мен жапондық Акихиро Кондо (37-11-2, 21 КО) бастаған кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шара Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Жанқош Тұраровтың еншісінде жиырма жеті жеңісі бар, бірде-бір жеңілісі жоқ.

Акихиро Кондо WBO нұсқасы бойынша Азиядағы ең үздік боксшы. Жасы 38-де.

DAZN платформасы мен SPORT+ телеарнасында тікелей эфир Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Боксшылар Тұраровтың IBO белбеуі мен WBA Gold титулын сарапқа салады.