Сенбі, 9 желтоқсанда Премьер-Лиганың 16-шы турындағы «Астон Вилла» - «Арсенал» ойыны өтті. Кездесу 1:0 есебімен бирмингемдіктердің жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Унаи Эмери шәкірттері Премьер-лигада өз стадионында қатарынан 15-ші матчта жеңіске жетті. Осылайша Эмери Премьер-лигада өз алаңында қатарынан 15 матчта жеңіске жеткен бесінші бапкер атанды.

Оған дейін аталмыш нәтижеге Алекс Фергюсон, Роберто Манчини, Пеп Гвардиола және Юрген Клопп қол жеткізген.