Астанада паралимпиадалық боччадан Қазақстан Республикасының Кубогы сарапқа салынды. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылған сайыста 10 өңірден 60-тан астам спортшы бақ сынады.

Жарыстың жабылу рәсіміне Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Сенат төрағасы спортшылардың шеберлігі мен табандылығын айрықша атап өтті. Сондай-ақ, жарысқа қатысушыларға қолдау көрсеткен жаттықтырушылар мен ата-аналарға алғыс білдірді. Мәулен Әшімбаев сөз соңында Қазақстан бочча федерациясының қызметін қорытындылап, алдағы жұмыс жоспарына тоқталды.