Бірінші орта салмақта IBO чемпионы Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) Алматыда ертең өтетін жапониялық Акихира Кондомен (37-11-2, 21 KO) қарсы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл туралы боксшы Instagram-дағы парақшасында жазды.

Ертең, яғни 10 желтоқсан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дүбірлі бокс кеші өтеді. Басты жекпе-жек — бұған дейін жеңіліп көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров пен әлемге әйгілі жапон боксшысы Акихиро Кондо жұдырықтасады.

Жанқош кәсіпқой бокста 27 рет жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 20-сында қарсыласын нокаутпен ұтқан. Бұл жолы әлемге танымал, көп дүркін Жапония және Азия чемпионы Акихиро Кондомен (37-11-2, 21 КО) кім мықтыны анықтайды.

Боксшылар IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы мен WBA Gold World чемпиондық белдіктерін сарапқа салады.

Бұдан бөлек, шаршы алаңға Виктор Коточигов, Балауса Мұздыман, Елшат Нығметолла, Елхан Табынбаев сынды отандастарымыз шығады.