Шымкентте ересектер мен жастар жамбы атудан федерация кубогін сарапқа салып жатыр. Сайысқа еліміздің 11 өңірінен 42 спортшы келген.

Атқа қонған сұрмергендер нысана көздеудің 4 түрі бойынша өзара сынға түсіп жатыр. Түрік, корей, мажар стилімен қатар, қазақтың байырғы ережесі бойынша жылдамдығы мен мергендігін көрсетуі тиіс.

Федерация кубогының ұйымдастырушылары бұл жолы қыздар құрамасына жеке дара шабуға мүмкіндік берді. Олар «Тамирис» ойынында бақ сынап, жүлдеге таласады. Ал кубоктан бөлек, «Тайтұяқ» ойынында қыл үзген мергенге 600 мың теңге беріледі.