Қазақстандық ММА шебері Шавкат Рахмонов қарындасы Сора Рахмонованың ұзату тойына келе алмады. Ол қарындасына арнаған тілегін АҚШ-тан видео арқылы жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сора Рахмонованың ұзату тойы 8 желтоқсанда болды. Оның таңдаған жары Нұрсұлтан Орынбасаров та спортшы.

"Спортшы, чемпион болу бір бақыт, ал, сүйгеніңеді тауып, ұяңнан ұзатылу - ол мүлде басқаша бақыт! Жүрегімді аялайтын, спортымды түсінетін, мені барлық күйімде сүйе алатын жар жолықтырған Аллаға шүкір! Ата-ана, бауыр, туыстарыма мені еркелетіп өсіргені үшін алғыс айтамын. Баршаңыздың ақ тілектеріңіз қабыл болсын. Өз үйіме аттандым", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.