Бүгін футзалдан Қазақстан чемпионатының 14-туры аясында «Ордабасы» мен «Каспий» командалары арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 4:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, осы клубтар арасындағы соңғы ойында да «Ордабасы» (3:1) жеңіске жеткен болатын.

Голдар: Қасым (0:1), Қайыржанов (1:1), Амангелдиев (1:2), Мұрат (1:3), Исмаилов (2:3), Даниэль (3:3), Бекбосынов (4:3).