Швецияның Идре қаласында фристайл могулдан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы сында Анастасия Городко мен Аяулым Әміренова финалға шыққанымен, суперфиналға өте алмады.

Городко 9-орын алса, Әміренова 15-сатыдан көрінді.

Ал ерлеріміз іріктеуден өте алмады. Павел Колмаков 32, Антон Бондарев 41-орынға тұрақтады.

Команда үздігі Юля Галышева жарақатына байланысты биылғы маусымдағы санаулы турнирлерге ғана қатысады.