Танымал ринг-диктор Майкл Бафер бокстан бес салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Шугар Рэй Леонард тарихтағы ең мықты боксшы деген пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер біз барлық уақыттағы ең жақсы боксшыны алсақ? Шугар Рэй Леонард. Ол феноменалды чемпион және боксшы», - деді Бафер «Чемпионат» тілшісі Александр Фроловқа берген сұхбатында.

Шугар Рэй Леонард кәсіпқой бокста 1977-1997 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Оның 40 жекпе-жегі бар, оның 36-сында жеңіске жеткен (оның ішінде 25-нокаутпен) және үш рет жеңіліске ұшыраған, тағы бір жекпе-жек тең аяқталған. Ол үш рет The Ring журналы бойынша жыл боксшысы атанды. Қазір аты аңызға айналған боксшы 67 жаста.