Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) ойыншысы Мұхаммед Еңсебаев испаниялық Сегундадағы клубта қаралымнан өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мұхаммед Еңсебаев «Вальядолид» құрамында алғашқы жаттығуына қатысты және 14 желтоқсанға дейін команданың бапкерлік штабының көңілінен шығуға тырысадыү

Испанияға Қазақстаннан сегіз ойыншы барған, басым бөлігі Қазақстан U-19 құрамасында ойнайды.

Айта кетейік, «Вальядолид» ФК қожайыны - бразилиялық танымал футболшы Роналдо.