Алматылық «Қайрат» АФК пен «Ақтөбе» МФК футзалдан Қазақстан чемпионатының 13-турындағы матчта 8 гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч бойы ақтөбеліктер алда болған, бірақ ойынның соңына 10 минут қалғанда «Қайрат» өз мүмкіндіктерін голға айналдыра алды. Матчтың өзі алматылық клубтың пайдасына 5:3 есебімен аяқталды.

Қазақстан чемпионаты. 13-тур

«Қайрат» - «Ақтөбе» 5:3

Голдар: Виана, Эдсон, Диего, Денер, Виана («Қайрат») – Мигуель, Хади Ахмади, Мигуель («Ақтөбе»)