UFC ресми сайтының бас редакторы Томас Джербази қазақстандық файтер Асу Алмабаев пен америкалық Си Джей Вергара арасындағы жекпе-жектің фаворитін атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Вергара мықты, бірақ Алмабаев айқын фаворит болуы керек. Америкалықтың муай-тайы жақсы, оның соққы техникасы тамаша, ол төзімді. Бірақ бұл файтерге самбишн жасап тастауға болады», - деді Джербази Legalbet.kz тілшісі Виталий Гецке.

Си Джей Вергара (12-4-1) — Асу Алмабаев (18-2) жекпе-жегі 2024 жылы 9 наурызда Майамидегі (Флорида штаты, АҚШ) UFC 299 турнирінде өтеді.