Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Нидерланд және Румынияға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Тізімге 18 ойыншы енді.

Оқу-жаттығу жиыны 10 желтоқсанда Астанада басталады. Еске сала кетейік, желтоқсан айында біздің команда Әлем чемпионатына іріктеудің соңғы матчтарын өткізеді.

Қазақстан – Нидерланд14.12.2023 | 20:30Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе жек сарайы, Астана

Румыния – Қазақстан20.12.2023 | 23:00Рапид-Валентин Станеску Холл, Бухарест