«Елімай» футбол клубы 28 жастағы қақпашы Мирослав Лобанцевпен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.Мирослав – мәскеулік «Локомотив» клубының түлегі. Бұған дейін ол ресейлік «Крылья Советов» және «Ротор» сапында өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Лобанцев команда бапкері Андрей Владимирович тізгінін ұстаған «Қызыл-Жар» мен «Ақтөбе» клубтарында ойнаған. Ал «ақ-қызылдармен» қола жүлдегер атанды.