«Ордабасы» жартылай қорғаушысы Әлихан Өтешев елордалық «Жеңіс» сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Футболшы астаналық командамен Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанды.

Бұған дейін 20 жастағы жартылай қорғаушы 2021-2022 жылдары «Жеңіс» сапында өнер көрсеткен.

Өтешев өткен маусымды «Ордабасыда» өткізіп, Премьер-лиганың чемпионы атанды.