Келесі жылы Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына тағы бір қазақстандық төреші қазылық етуге шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, қазақстандық спорттық гимнастика төрешісі Тимур Әмірбеков Халықаралық гимнастика федерациясынан 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиадада төрелік етуге шақырту алған.

Бұл — қазақстандық маман қазылық ететін төртінші жазғы Олимп ойындары болмақ.

Тимур Әмірбеков бұған дейін 2004, 2012 және 2016 жылғы төртжылдықтың басты додаларында төреші болған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін көркем гимнастикадан қазақстандық төреші Алуа Бектұрова да Париж Олимпиадасына шақырту алғанын жазған болатынбыз.

XXXIII жазғы Олимпиада 2024 жылы Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Жазғы ойындар бұған дейін Францияда екі мәрте ұйымдастырылған болатын.

Әлемдік дәрежедегі спорт сайысының жалауы Парижде 1900 және 1920 жылы желбіреген еді.