«Милан» команда қақпашысы Мик Меньянмен келісімшартты ұзарту туралы келісімге келе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

90min ақпараты бойынша, тараптар арасындағы келіссөз нәтие бермеген. Франциялық қақпашы агенттеріне басқа клуб іздеуді тапсырған. Меньянға ПСЖ мен «Челси» қызығушылық танытып отыр.

Клуб басшылығы мен ойыншы өкілдері арасындағы қайта келіссөз жақын арада болмайтыны атап өтілді.

Меньян «Милан» сапында 2021 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда қақпашы командада барлық турнирде 16 матч өткізіп, 20 гол жіберіп алды. Ойыншының италиялық клубпен келісімшарты 2026 жылдың маусымына дейін есептелген.

Transfermarkt футболшыны 45 миллион еуроға бағалап отыр.