Қазақстан құрамасының 2023 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі он матчын 245 578 көрермен тамашалады.

Жұртшылық ең көп жиналған матч Копенгагенде болды, ол кезде ұлттық құрама «Паркенде» Дания құрамасына қарсы ойнаған, 35 845 көрермен жиналды.

Өз алаңында ең көп адам жиналған ойын Сан-Марино құрамасына қарсы матч болды, оған 30 100 көрермен келді. Бұл – Қазақстан құрамасы үшін өз алаңындағы матчтарының рекорды.

Ең аз көрермен Пармада Сан-Мариноға қарсы өткен матчта болды – 528 көрермен. Өз алаңындағы матчтардағы көрермендердің ең азы Словенияға қарсы ойын болды – 27 122 көрермен.

Өз алаңындағы бес матчқа барлығы 144 396 көрермен келді. Сырттағы бес кездесуге 101 182 көрермен жиналды.