Кештің басты жекпе-жегінде Диас Еренғайыпов аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін Жапония өкілі Рюйя Фукудадан төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қорғап қалды.

Екінші жекпе-жекте UFC-дің экс-жауынгері Жалғас Жұмағұлов жапон файтері Масато Накамураны бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Лиганың жартылай жеңіл салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жекте Нұрбек Қабдрахманов пен Fight Nights экс-чемпионы Мұхаммед Эминов кездесті. «Еркін күш» командасының жауынгері ресейлік қарсыласынан үшінші раундта техникалық нокаутпен басым түсті.

Кеште күтпеген нәтиже де тіркелді. Жасұлан Әкімжан француз Джейсон Понеден төрешілер шешімімен жеңіліс тапты.

Сондай-ақ Нұрғали Нұрғайыпұлы, Гамлет Асланов, Абылайхан Шаратов жеңіске жетті.