ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті чемпионатында Беларусьтің «Минск» командасы өз алаңында қазақстандық «Астананы» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» мен «Минск» осы маусымда ВТБ Бірыңғай лигасында өзара ойнады. 15 қарашада «Астана» өз алаңында «Минскті» 78:74 (15:18; 15:20; 21:15; 27:21) есебімен жеңді.

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен 21:20-да басталады, «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.