Елордада таэквондодан (WT) ҚР VI Жазғы Спартакиаданың жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Турнирде еліміздің 16 облыс және 3 қаласынан келген 189 спортшы бақ сынады. Жарыста ерлер мен әйелдер 8 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының таэквондошылары VI жазғы Спартакиаданы бір күміс үш қола медальмен, жалпы есепте 11 орынмен аяқтады.

Айта кетерлігі, елімізде 4 жылда бір мәрте ұйымдастырылатын жазғы Спартакиадада барлығы 27 спорт түрінен 4 000-ға жуық спортшы кім мықтыны анықтады. Бұл қатарда Астана қаласы Қазақстан Республикасының Жазғы Спартакиадасының бокс, дзюдо және таеквондо сынды түрлерін өз төрінде қабылдады.