Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының жартылай қорғаушысы Аида Гайстенова Армения құрамасына қарсы ойыннан кейін Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында матч туралы пікір білдірді.

– Аида, жеңіс құтты болсын. Ойын қалай болды?

– Қиын ойын болды, бірақ біз жеңіске жеттік. Құдайға шүкір, жанкүйерлерді қуанттық. Бәрі жақсы.

– Маусым қорытындысы бойынша Ұлттар лигасында топта үшінші орын алдыңыздар. Мұны жетістік деп атауға бола ма?

– Жалпы, біз өте жақсы өнер көрсеттік деп айтқым келеді. Әрине, жеңісті жұлып алуға болатын матчтар болды. Қалай болғанда да, мен өз командама және бапкерлер штабына, әсіресе медициналық ұжымға алғыс айтамын. Осының бәріне қарамастан, біз ұзақ жолдан өттік және белгілі бір нүктеге қол жеткіздік.

– Бізде жаңа әйелдер клубы ашылады деген қауесет бар. Сізді онда көруіміз мүмкін бе, әлде қазір Қазақстанға оралу ойыңызда жоқ па?

– Мен «Звезда 2005» командасымен қайтадан келісімшарт жасастым және келесі маусымда сол клубта өнер көрсетемін.

Фото: ҚФФ