Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегор өзбекстандық файтер Бахромжон Рузиевпен спарринг өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Спорт Шредингера» арнасына сілтеме жасап.

ММА ережесі бойынша екі жекпе-жекте 2 жеңіске жеткен Рузиев Дубайда ирландиялық жұлдызбен бірге жаттығады.

Өзбекстандық файтер 35 жастағы экс-чемпионға ашық шабуыл жасай бастаған, бірақ МакГрегор қарсыласын нокдаунға түсірді.