Grand Theft Auto VI ойынының трейлері 100 миллионнан астам қаралым жинады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Видео студияның YouTube арнасында жарияланған. Бір күннің ішінде GTA VI трейлері қаралым саны бойынша серияның бесінші бөлігінің премьералық видосынан көп қаралды.

Трейлер ең көп қаралған ойын видеосы бойынша Гиннес рекордтар кітабына енді.

Айта кетейік, бұл YouTube сайтында күніне ең көп қаралған музыкалық емес видео.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Rockstar Games GTA VI трейлерін ұсынған болатын.

Ойын 2025 жылы шығады деп жоспарланған.

Трейлерде ойынның екі басты кейіпкері бейнеленген: Лусия және Джейсон. Ойын Флоридадан шабыт алған ойдан шығарылған Леонида штатында болады. Grand Theft Auto VI негізгі орындарының бірі Вайс-Сити болады.