Денис Колодин «Елімай» футбол клубында бас бапкердің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Елімай» футбол клубы Денис Алексеевичпен келісімге келгенін ресми түрде хабарлайды.

Колодин – Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы. Ол 2008 жылы Еуропа чемпионатында қола жүлдегері атанды.

41 жастағы маман бұған дейін ресейлік «Химки», сондай-ақ петропавлдық «Қызыл-Жар» және «Ақтөбе» ұжымдарында қызмет атқарған. Ойыншы кезінде Андрей Карповичпен бірге «Алтайда» бір маусым өткізді.

Денис Алексеевич бас бапкеріміз Андрей Владимировичпен бірге соңғы екі маусымда ҚПЛ-дың күміс және қола жүлдегер атанды.

Маманға «Елімай» сапында тек сәттілік тілейміз», - делінген клуб хабарламасында.