Семейдің «Елімай» командасы 29 жастағы қазақстандық қорғаушы Сергей Кейлермен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Сергей Кейлер «Қайраттың» түлегі. Ол 2012 жылдың жазында 17 жасында «Қайсармен» кубок ойынында негізгі құрамдағы дебютін өткізді. Ал келесі маусымда «Қайрат» сапында Премьер-лигада дебют жасады.

Келесі төрт жыл бойы Кейлер әртүрлі қазақстандық клубтарда жалға ойнап, 2018 жылы «сары-қаралар» сапына оралды. Кейінгі бір жарым жылдан бері Сергей алматылық команданың капитаны болды.