Аралас жекпе-жек файтері қазақстандық Николай Самусев танымал BRAVE промоушенінде қырғыз файтері Әділет Нұрматовқа қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын және Нұрматов техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Екінші раундта қазақстандық файтер қолынан ауыр жарақат алды.

Айта кетейік, бұл жекпе-жекке дейін 25 жастағы қазақстандық бірде-бір жеңіліссіз сегіз жеңіске жеткен.