Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Олжас Есқараев танымал BRAVE промоушенында ресейлік Руслан Тедеевке қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және үш раундқа жоспарланған. Екінші раундта қазақстандық файтер тұншықтыру әдісі арқылы жеңіске жетті.

Осылайша Олжас Есқараев кәсіпқой мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Олжас кейінгі жекпе-жегінде 23 маусымда Бахрейндегі BRAVE CF 72 турнирінде франциялық Гиллес Жируннан төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.