Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Түркияның Анталия қаласында ITF турнирінің жұптық сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік теннисші Иван Денисовпен бірге ресейлік Марк Кауфман – Иван Фомин жұбын 6:3, 6:1 есебімен жеңді. Кездесу 1/8 финалдық кезеңінде өтті.

Айта кетейік, 27 жастағы қазақстандық теннисші қазір ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) жұптық рейтингінде 889-орында, ал Денисов 744-орында.