Бүгін 19 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында ойын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде 0:1 есебімен Румыния құрамасы жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта Қазақстан бірде-бір ұпай жинамай, В6 тобында соңғы орында тұр. Қазақстан құрамасын 0:6 есебімен жеңген Словакия құрамасы топта бірінші орында тұр.