Сауд Арабиясы 2024 жылдың ортасында мұнай бағасы барреліне 150 долларға жеткеннен кейін УЕФА Чемпиондар лигасын толығымен иемденеді. Бұл туралы Saxo Bank-тің «дүбірлі болжамдарында» айтылған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сарапшылардың пайымдауынша, «басып алудан» кейін турнирге 48 команда қатысады, ал Эр-Риядта айтарлықтай ойындар өтеді. Осылайша, саудиялықтар Әлем Чемпиондар лигасын құруға тырысады.

Бұған дейін УЕФА басшысы Александр Чеферин Сауд Арабиясы клубтарының еурокубоктарға қатысуы мүмкін емес екенін айтқан болатын.