Орта салмақтағы UFC файтері Хамзат Чимаев Instagram желісіндегі тікелей эфирде денсаулығы мен октагонға оралуы туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Чимаевтың мәлімдемесінен кейін оның қатысуымен жылдам жекпе-жекті күтпеу керек деп болжауға болады. Хамзаттың айтуынша, ол бір-екі аптадан кейін ота жасатады, содан кейін сауығып кетуі керек.

«Мен операция жасатамын. Операция бір-екі аптада жасалады. Осыдан кейін қатарға ораламын», - деді Чимаев.

Еске сала кетейік, Хамзат соңғы жекпе-жегін 21 қазан күні БАӘ-нің Абу-Даби қаласындағы Etihad Arena аренасында UFC 294 турнирінің негізгі жекпе-жегінде Камару Усманға қарсы өткізген болатын. Көпшіліктің шешімімен Хамзат жеңіске жетті