Бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегор төртінші баласына қандай есім беру туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Конор мен оның құрбысы Ди Девлин ұлдары кіші Конор мен Рианның, сондай-ақ қызы Крояның ата-анасы.

«Қош келдіңіз: Мак МакГрегор», - деп жазды Конор әлеуметтік желіде.

35 жастағы МакГрегор 2024 жылдың көктемінде немесе жазында октагонға оралады деп күтілуде. Оның ықтимал қарсыластары арасында Майкл Чандлер, Дастин Порье және Нейт Диас бар.