Қазақстандағы ең тартымды әрі танымал спортшылардың бірі, кәсіпқой волейболшы Сабина Алтынбекова спорттық мансабының тағдырын жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Босанғаннан кейін, үш айдан кейін мен жаттығуды бастадым және Араб лигасының чемпионы атанған маусымды сәтті өткіздім. Ең бастысы, қазір менің ең үлкен мотивациям, ең үлкен жанкүйерім – ұлым бар. Қазір жаңа маусымға дайындалып жатырмын, оның сәтті өтетініне еш күмәнім жоқ. ИншаАллах», — деп жазды Алтынбекова Instagram желісіндегі парақшасында жаттығудан түскен суретті жариялап.

Айта кетейік, Сабина Алтынбекова өткен жылы кәсіпқой мансабын жалғастыруды ұйғарып, өткен маусымда Біріккен Араб Әмірліктерінің чемпионы атанған дубайлық «Аль-Васлда» ойнаған болатын.