Футзалдан 2023/24 жылғы Чемпиондар лигасының «Төртеудің финалы» сатысына жолдама алған командалар белгілі болды, деп хабарлайды Kazіnform.

Жарыстың аталған сатысында Португалияның «Бенфика» және «Спортинг», Испанияның «Барселона» және «Пальма» клубтары бақ сынайды.

Чемпиондар лигасының финалдық сатысы мамыр айында өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Төрт команда арасынан жарыс қожайыны болатын ұжым қосымша анықталады.

Турнир шамамен 2 немесе 3, 4 немесе 5 мамыр күндері ойналады.

Айта кетсек, «Қайрат» В тобында «Бенфика» (Португалия) командасынан 2:3 есебімен жеңілсе, «Добовец» (Словения) клубын 7:0, «Приштина» (Косово) ұжымын 11:2 есебімен сүріндірді.

Қазақстандық команда Чемпиондар лигасында биыл қаңтар айында 20 мәрте бақ сынады.

Бұл Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.

Сондай-ақ, алматылық клуб 2012/2013, 2014/2015 жылдарда аталған турнирде жеңімпаз атанған еді.