Қолмен ойнағанды және офсайдты анықтайтын микрочипі бар доп 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатында қолданылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Допқа енгізілген микрочип VAR қол тиюді және офсайдты бақылауға көмектеседі деп хабарлайды. Арнайы технология төрешілерге ойыншылардың үш өлшемді бейнесін береді және оларға доптың ойыншының денесінің қай жеріне тигенін дәл анықтауға көмектеседі.

Айып алаңында доп қолға тиіп, пенальтиге әкеп соғуы мүмкін жағдайларда, бұл технология қолданылуы мүмкін, бірақ ол төрешілер қабылдаған шешімді жоққа шығармайды.

Еуро-2024 финалдық кезеңі 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді.