Баскетболдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы топтық кезеңнің екінші матчында Қытай Тайпейін жеңді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Виталий Стребковтың шәкірттері басым жеңіске қол жеткізді - 84:73.
Енді 25-ші қыркүйек күні қазақстандық баскетболшылар Д тобының соңғы кездесуінде Ливанмен кездеседі.
Қытай Тайпейі – Қазақстан 73:84 (7:25, 23:17, 16:16, 27:26)
Қазақстан: Пономарев (18 ұпай), Колесников (17), Джонсон (14), Климов (12), Ильин (9), Ярғалиев (9), Жигулин (5).
Комментарии