«Милан» «Бавария» жартылай қорғаушысы Томас Мюллерге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі журналист Кристиан Фалькке сілтеме жасап.

Ойыншының мюнхендік клубпен келісімшарты маусымның соңына дейін есептелген. «Милан» 34 жастағы жартылай қорғаушыны жазда еркін агент ретінде аламыз деп үміттеніп отыр.

Ал «Бавария» спорт директоры Кристиан Фрейнд бұған дейін ойыншымен келісімшартты ұзарту бойынша келіссөз жоспарланғанын айтқан.